Президент сайлауы: 12 үміткер құжат тапсырды, 5 кандидат талапқа сай

ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, осы уақыт аралығында тек бір адамның ғана құжаты қабылданбаған


12/10/2022
17:05 27336 0

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 5 үміткер (Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден) талапқа сай, қалған 7 үміткердің құжаты әлі қаралып жатыр.

 

ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның айтуынша, осы уақыт аралығында тек бір адамның ғана құжаты қабылданбаған.

 

Үміткерлер тізімі:

 

• Жигули Дайрабаев — «Ауыл» партиясы; 

• Нұрлан Әуесбаев — «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы;

• Мейрам Қажыкен — «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі;  

• Қасым-Жомарт Тоқаев — Халық коалициясы; 

• Қарақат Әбден — «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы»;

• Талғат Ерғалиев. — «Қазақстан құрылысшылар одағы»;

• Нұржан Әлтаев — «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі;

• Жұматай Әлиев — «Халық демографиясы» қоғамдық ұйымы;

• Салтанат Тұрсынбекова — «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі;

• Хайролла Ғабжалилов — республикалық «Асар» бірлестігі;

• Бақыт Жаңабаев — «Қазақстан әуесқой футболшылары» қоғамдық бірлестігі;

• Фатима Бизақова — «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігі.

 

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Бірқатар азаматтық қоғам мен оппозиция өкілдері сайлауға қарсылық білдіруде. Бүгін тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрім халықты 25 қазан күні сайлауға қарсы митингке шығуға үндегені үшін полицияға шақырылды. Тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия мүшелері сайлау қарсаңында қысым көріп жатқандарын айтуда. 

Поделиться

Нет комментариев.

12/10/2022 17:05
27336 0

Уведомление